Мегаполистегі мектептердің бірінде 30 млн теңгеден астам ақша ұрлағаны анықталды

07.08.2024 21:40

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Almaty.tv

Білім басқармасы Алматы мектептерінің бірінде ақша ұрлау фактісі бойынша материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Білім басқармасы Алматы мектептерінің бірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне ақша ұрлау туралы материалдарды анықтап берді

- Мониторинг нәтижесі бойынша Алматы қаласының білім басқармасы биылғы наурызда «№5 мектеп гимназиясы» КММ-нің 11 қызметкерінің банктік карточкалық шоттарына 2023 жылдың сәуірі мен ақпан айы аралығында жалпы сомасы 34 271 330 теңгеге артық белгіленген жалақы нормасын есептеу және аудару заңнамасының нормаларын бұзу фактісін анықтады. Материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне берілді, - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы.

Берілген материалдар негізінде ҚР ҚК 189-бабы бойынша мектептің бас бухгалтері А.И. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотта мектептің бас бухгалтері «№5 мектеп-гимназия» КММ-де нақты жұмыс істемейтін тұлғалардың карточкалық банктік шоттарына еңбек келісімдерімен белгіленген үстемеақыларды және жалақы ретінде бюджет қаражатын заңсыз есептеу және аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісін толық растады.

Сондай-ақ, cотқа дейінгі және сот тергеуі барысында сотталушы мүліктік залалды толық көлемде - 38 060 353 теңгеге өз еркімен өтеді.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Әуезов аудандық сотының 2024 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ол 7 жылға шартты түрде сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселе еңбек демалысынан шыққаннан кейін шешілетін болады.

Оқи отырыңыз:Пагон таққан азғын: Шымкентте қыздарды зорлады деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды