Шымкентте қыздарға азғындық жасады деген күдікпен бұрынғы тәртіп сақшысы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің экс-қызметкері зорлықты бейнежазбаға да түсірген дейді. Жаға ұстатарлық жағдайды қаладағы аурухана қызметкері хабарлаған. Маман сөзінше, оқиға 4 ай бұрын болған.
Жәбірленушілер - 15 және 21 жастағы апалы-сіңлілі қыздар. Ол кезде бойжеткендер көрген қорлығын тіс жарып ешкімге айтпаған екен. Өйткені күдіктілер бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытқан көрінеді. Сөйтіп, қыздарды кездесуге тағы шақырған. Бұған төзбеген 2002 және 2009 жылы туған қос азамат өздеріне қол салып, ауруханаға түсіпті. Шымкенттің полиция департаменті де аталған деректі растады.
- Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің бірі – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бұрынғы бақылаушысы екенін хабарлаймыз, - деді Шымкент қаласының полиция департаменті.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында ауласына есірткі еккен азамат ұсталды