Шымкентте үйлену тойына қонақтар Калашников автоматын әкелген

polisia.kz
polisia.kz
Тойда отшашумен бірге оқ атылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойда екі автомат қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел қызметкерлер үйлену тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды.


Оқиға орнына жедел қызметкерлер тобы көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жіберілген.

Жедел ақпарат расталды. Сағат 00:00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер жиырмаға жуық атылған оқ гильзасын тапты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін соталды тергеу басталды. Тиіс сараптамалар тағайындалды, қажет тергеу әрекеттері жүріп жатыр.


Новости партнеров