Жасөспірімге қатысты іс қозғалды
Талдықорғанда екі жасөспірім ойын автоматын бұзып, тонап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорған полицейлері қала орталығында орналасқан ойын автоматын бұзып, ішіндегі сыйлықтарды ұрлап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады. Бақылау камерасына түсіп қалған жастарды табу қиынға соқпаған. Полиция қызметі бейнебақылау камерасы көмегімен оларды жылдам тапқан.
- Қалалық полицияға күдікті ретінде 19 және 16 жастағы екі азамат жеткізілді. Ойын автоматынан электронды темекі (вейп), қуаттағыш және ұялы телефонға арналған екі құлаққап ұрланғаны анықталды. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес жүргізіліп жатыр, – дейді Талдықорған қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Павлодарлық полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты