Түркістанда 5 облыстың тұрғындарын алдап кеткен әйел ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қарызын қайтармай қашып жүрген күдіктіні полицейлер бір күнде қолға түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда 5 бірдей облыстың тұрғындарын алдап кеткен күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әуелі жәбірленушілердің бірі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, полицияға арызданған. Онда WhatsApp желісінен бейтаныс әйел «Криптовалюта» атты топ ашып, әрқайсысынан үлкен көлемде ақша алғанын айтыпты.

Алайда әйел қарызын қайтармай қашып жүрген көрінеді. Кейін іске тәртіп сақшылары араласып, күдіктіні 1 күн ішінде ұстады. Оның 30 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны екені белгілі болды.  

«Бұдан басқа, аталған күдіктінің республика көлемінде бірнеше қылмысы әшкереленген болатын. Яғни, осы қылмыс салдарынан жәбірленушілерге 2 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген», - деді Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеушісі Арман Базарбай.

Новости партнеров