Ақмола облысында контрафактілі темекі тәркіленді

03.11.2022 21:53

Күдікті өнімді дүкен арқылы өткізбек болған

Almaty.tv

Ақмола облысында құны 22 миллион теңге болатын контрафактілі темекі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарына сай, өңір тұрғыны ешбір құжатсыз және сертификатсыз облыс аумағында шылым сатумен айналысқан. Ведомствоның хабарлауынша, контрафактілі темекі өнімдері бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына тасымалдау кезінде ұсталды. Оны күдікті бөлшек сауда дүкен арқылы өткізбек болыпты.      

«Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылып, тәркіленді. Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық. Облыстық қаржы мониторингтік департаменті сотқа дейін тергеуді аяқтады. Сот үкімімен Гулиевке бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.