Елордада 54 мың жалған долларды айналымға шығарған қылмыстық топ сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сот үкімімен бірнеше азамат шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырды.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Жасанды банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері, банкоматтар арқылы жеке есепшоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартқан», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.