Қылмысқа қатысты тұлғалар ұсталды
Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның 2024 жылғы 24 сәуірдегі ақпаратынша "мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген" заңсыз фактіні, "Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында анықтаған.
- Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, соның нәтижесінде 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқықбұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Оқи отырыңыз: Отандық еңбек нарығы шетелдіктерге несімен тартымды