Шарбақты ауданында 40 бас жылқы ұрланды
Шарбақты ауданында ұрланған 40 бас жылқы іздестірілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, Жаңа ауыл маңындағы жайылымда қараусыз қалған 40 бас жылқы ұрланғанын айтқан.
– Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуде, – деді Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция жоғалған жылқылардың иелеріне ескерту жасап, бақылауды күшейту керектігін айтты. Ұрлық болған жағдайда таңбасын немесе малдың нөмірін сипаттай отырып, дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.
Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 49 фактісі тіркелген. Қылмыстың басым бөлігі еркін жайылымда жасалған.
Оқи отырыңыз: Балық сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды