|
10.11.2023 | 15:32
484

Балық сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысының полицейлері тергеу жұмыстарын бастады

Балық сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Көрнекі фото: elements.envato.com

Балқаш көлінде заңсыз балық аулап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Қолға түскен 30 азамат – Жетісу ауданына қарасты Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғыны. Ішкі істер министрлігі олардың ұйымдастыру, браконьерлік және тасымалмен сатып алу қызметін жолға қойған. Жиырмадан аса тінту жұмысы кезінде 51 тоннадан аса балық, 38 атыс әрі травматикалық қару, 450  оқ-дәрі мен ірі көлемде қаржы табылды. Одан бөлек, діни әдебиет, 11 моторлы қайық тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

– Жедел-тергеу іс-шарасының нәтижесінде қылмыстық топтың қатысушысы полицияға жеткізіліп, олардың төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар ірі көлемде шығын келтіре отырып, заңсыз балық аулау мен қару сақтаумен айналысқан. Аталған факті бойынша тергеуді Жетісу облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде, - дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 14 жастағы жасөспірімді зорлаған күдікті ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир