Бүлік кезінде ұсталған Қырғызстанның төрт азаматы еліне қайтарылады

11.01.2022 22:05

Қазақстан аумағына бүлік кезінде қайтыс болған Қырғызстан азаматы А. Мұсаевтың анасының кіруіне рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр

© Sputnik / Алексей Ничукин

Қырғызстан Қазақстандағы азаматтарын қайтырып жатыр. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдіктілер де бар.

Қазақстан тарапымен төрт қырғызстандық  — З. Юбуров, А. Хурова, А.Р. Джишанло, И. Мачоны босату келісілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қазақстан аумағына бүлік кезінде қайтыс болған Қырғызстан азаматы А.Мұсаевтың анасы С. Иманходжаевның кіруіне рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр.

Қырғызстан СІМ 150 азаматтың елге қайтарылатынын мәлімдеді. Олардың арасында балалар, қарттар мен студенттер бар.

Олар арнайы автобуспен "Ақ-Жол" кеден бекеті арқылы өтеді.

"Қырғызстан азаматы Б. Төрегелдиевтің Шымкентте тергеу кезінде қатты соққыға жығылды. Ол қазір ауыр хәлде, оған медициналық көмек көрсетілмеген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дипломаттар Төрегелдиевпен байланыс орнатты. Ол аман-сау. Өз үйінде, қауіпсіздікте", - деді елдің СІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы бүліктен кейін қырғыз елінің музыканты Викрам Рузахуновтың ұсталғаны жайлы хабарланған. Кейін оны босатып, елге жеткізді.

Теги: ІІМ тергеу