Алматыда жасырын жұмыс істеген 10 казино анықталды

14.10.2020 22:10

Күніне 20 миллион теңгеден астам табыс тауып отырған

ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жасырын жұмыс істеген 10 казиноны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында тек бір нысанның өзінен 50-ден астам ойын құралы тәркіленген. Онлайн-казиноның заңсыздығын сол жерде жұмыс істейтін 50 қызметкер жасырып келген. Мұндай заңсыз әрекет арқылы пысықайлар күніне 20 миллион теңгеден астам табыс тауып отырған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.