Ақтауда ер адамды өлтіріп кетті. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ryhy агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Әлеуметтік желілерде қылмыс орнына жедел жәрдем мен полицейлер келген сәтінің видеосы тарады.
«10 тамызда сағат 02:15-те 102 кезекшінің пультіне 16 үйдің алдындағы 32А шағын ауданда төбелес туралы шақыру түсті. Оқиға орнынан дене жарақаты бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да жоғалған әйелдің денесі өзен жағасынан табылды