Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды
видеодан алынған кадр
Ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
«19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді. Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01