Серік Күдебаевқа қатысты сот басталды

Серік Күдебаевқа қатысты сот басталды
Күдіктінің қорғаушысы қылмыс оқиғасы болмауына байланысты істі тоқтатуды сұрап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы сот отырысы ашық түрде Талдықорған қаласында өтті. Былтыр қызметінен босатылған Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Оған "қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өзіне сеніп тапсырған департаментті тастап кетті" деген айып тағылған еді. Бүгін Мәжілісте Бас прокуратура көрсеткен жаңа деректі фильмде сол кезде комендант болған экс-басшының ғимараттан расымен де қарулы күзетшілермен шығып кеткені көрінеді. Кейбір дерек көздерінің мәлімдеуінше, осыдан кейін наразылық білдірушілер келіп, қару-жарақ арсеналдарын алып кеткен. Алайда күдіктінің қорғаушысы қылмыс оқиғасы болмауына байланысты істі тоқтатуды сұрап отыр. Сондай-ақ адвокат Күдебавты қызметіне қайтаруды ұсынды.

Новости партнеров