Туған баласына 38 рет пышақ салған келіншек қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Атырауда төрт айлық сәбиін өлтірген анаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Туған баласына 38 рет пышақ салған келіншек қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Тексеру кезінде оның психикалық ауытқу бар екені нақтыланған. Күдікті тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында болып, бірнеше ай психиатриялық диспансерде емделеді.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 26 сәуір күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында болған. Қатыгездікке барған қанды қол ана психикалық диспансерге жатқызылды.
«Есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылсын! Армангүл Юсупова Бахиеваға мамандандырылған үлгідегі психиаторлық стационарда емдеу тағайындалсын. Бахиева аталған емдеу мекемесіне жіберілсін. Оның денсаулығын қадағалау мекеменің бас дәрігеріне жүктелсін», – деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Зарема Хамидулина.