Бұрынғы әйелін кепілдікке алған түркістандық тұрғын қамауға алынды

21.03.2024 02:15

Жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасағын жұмылдырылды

Сгенерировано ИИ

«Ажырасқан күйеуі пышақпен қорқытып, көлікпен алып қашқан». Түркістан облысындағы отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келіншекті осыдан 3 жыл бұрын ажырасқан күйеуі тұтынға алып, басқа қалаға әкетпек болған. Бұл әрекеті үшін өзін соттамауды талап етіп, сөзі еленбеген жағдайда бұрынғы әйелін жер жастандыратынын айтып қорқытқан көрінеді. Кепілге алынған адамды босату үшін жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасағын жұмылдыруға тура келді. Соның нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсіріп, қамауға алды.

– Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар. 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды, – деді Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Оқи отырыңыз: Желге ұшқан ақша: жылда жөнделетін жол неге сапасыз