|
19.03.2024 | 15:12
1065

Желге ұшқан ақша: жылда жөнделетін жол неге сапасыз

Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 2 711 шақырым

Желге ұшқан ақша: жылда жөнделетін жол неге сапасыз Almaty.tv

«Жылдағы жыр биыл да қайталанып жатыр». Осылай деген Ұлытау облысының азаматтары қысқа көшелерді былай қойғанда, республикалық маңызы бар жолдардың жөндеу көрмегенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлытау облысының шұрық тесік жолдары көлік иелерін әбден мезі еткен. Мұндағы жүргізушілермен сөйлесе қалсаңыз, әуелгі әңгімені жолдың жырынан бастайды.

– Жолдың сапасы нашар. Қай көшеге барсаң да жол шұрық тесік. Машина күнде бұзылады. Күзде қазып тастаған, әлі жөнделген жоқ, – деді тұрғын.

Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 2 711 шақырым. Мұның 961-і республикалық, ал 896-сы - облыстық маңызы бар трасса. Осы аталған жолдардың 190 шақырымын жөндеу үшін биыл 15,8 млрд теңге бөлінген. Жауаптылар жұмыс басталса, көпке арман болған тақтайдай тегіс жолды жасалатынын айтты.

– Жезқазған қаласы бюджет есебінен және облыстық бюджет есебінен 57 көшені орташа жөндеуді жоспарлап отыр. Жалпы инвестициялар қажеттілігі 4,2 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда конкурстар өткізіліп, мердігерлер анықталуда. Жұмыс 15 сәуір мен 1 мамыр аралығында басталады, – деді Жезқазған қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  Нұрбол Садықов.

Облысқа іргелес жатқан Сәтбаевта да осындай жағдай. Былтыр аймақтағы 5 көшеге жөндеу жүріпті, биылғы жоспарда тағы алтауын қалыпқа келтіру міндеті тұр. Жөндеуін жөндеп, бірақ жолдан гөрі құрақ көрпеге көбірек ұқсайтын жамау көшелер ауа райының кезекті тосын мінезіне шыдас бере алады дегенге жергілікті тұрғындар сенуден қалған. Олар «жыл сайын қомақты қаржы бөлінетін сала биыл да сапасыз боп қалмаса игі» дейді.

Алтынгүл Төлегенова, Наргиз Жанабекова, «Алматы» телеарнасы, Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында алимент төлеуден жалтарған азаматтың қарызын ата-анасы төлейді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир