180 миллиард теңгені жымқырмақ болған

 Almaty.tv
Almaty.tv
Олар қоқыс жағатын 6 зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыруды көздеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

180 миллиард теңгені жымқырмақ болған ҚР Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басшылығы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, шенеуніктер қоқыс жағатын 6 зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыруды көздеген. Ал бұл кәсіпорындар электр энергиясын өндіреді деп көрсетіліп, оның құрылысына утилизациялық алым ретінде жиналған қомақты қаржыны жұмсау жоспарланыпты. Сәйкесінше, мемлекет зауыттардың электр энергиясын 15 жыл бойы негізсіз жоғары тарифпен сатып алуға міндеттелетін еді. Осылай жеке компанияға миллиардтаған пайда түсіру мақсаты тұрған. Қазіргі уақытта күдікті лауазымды тұлғалар қамауда отыр.

«Уақытында қолға алынған шаралардың нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталды. Қазіргі уақытта экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның  бұрынғы басшылары қамауда отыр. Соңғы шешімді сот қабылдайды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Новости партнеров