Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматы-Қапшағай тас жолында 5 тонна спирттік өнім тәркіленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Комитеттің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменінің мамандары 5 тонна жалған алкоголь өнімін ешқандай рұқсат құжатынсыз Талдықорған қаласына тасымалдаған «Мерседес» маркалы жүк көлігі ұсталды», делінген хабарламада. Тінту кезінде машинадан құрамында спирті бар 5 литрлік 1 мың бөтелке табылған. Ол Алматы облысының 27 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. «Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалып, одан кейін спирт өнімін Алматы облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына беру мәселесі шешілетін болады.