|
14.04.2022 | 17:49
1196

Жамбыл облысында есірткі сақтап келген күдікті қолға түсті

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жамбыл облысында есірткі сақтап келген күдікті қолға түсті Almaty.tv

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтап келген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, 52 жастағы сезікті  Шу қаласының тұрғыны. Ал заңсыз заттар оның үйінен табылды. Сондықтан тәртіп сақшылары оның қолына кісен салып, бірден уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр.

«Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 5 келі 542 грамм «кептірілген марихуана» және 65 грамм «гашиш»  табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады», – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир