Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір шығарып келген цех әшкереленді

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 дана нөмірлік белгі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір шығарып келген цех әшкереленді. Құзырлы орган заңсыз өндіріс ошағын Түркістан облысында жүрген көлікті тексеру нәтижесінде тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шымкент-Самара тас жолында кетіп бара жатқан машинаны тоқтатқан полицейлер жасанды нөмірді байқайды. Дәл сондай сандар басқа темір тұлпарда да барын анықтайды. Содан жүргізушіге жағдайды түсіндіріп, заң бұзушыны іздеуге кіріскен. Ақыры цехтың мекенжайын анықтап, иесін қолға түсірген.

– Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 дана нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі «сәйкестендіру нөмірін, шанақ нөмірін, шассиді, қозғалтқышты қолдан жасау немесе жою, сондай-ақ көлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісін қолдан жасау, көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдалану» бойынша тіркелді, – деді Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғалымбек Тұрысбеков.

Оқи отырыңыз: Түркістан тұрғыны мемлекеттік грант аламын деп алаяққа тап болды

Новости партнеров