«Қазақалтыннан» 1,5 млрд теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
23 ақпанда «Қазақалтын» акционерлік қоғамы өкілдері Ақмола облыстық полициясына компанияның есепшотынан 1 миллиард 533 миллион теңгенің жымқырылғанына қатысты арызданған. Қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу бөлімдерінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егер күдіктілердің кінәсі анықталса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
«Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда 26 ақпанда екі күдіктіні ұстады, оларға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу органы тергеу шеңберінде келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.