Түркістан облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды

05.01.2024 22:53

ҚР ҚК 296-бабы бойынша іс қозғалды

elements.envato.com

Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Батыс Қытай – Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында "Honda Odyssey" көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, оның 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді. Ер адам қамауға алынды.

- Тергеу жүргізіліп, есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр, - делінген Polisia.kz хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды