Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Almaty TV
Almaty TV

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы полициясы бұл қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады.

«Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл – Алматы облысының 1999, 2001, 2003 жылдары туған бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы біледі. Қылмыстық оқиғаның хронологиясын және барлық дайындық процесін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл ретте бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Новости партнеров