Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде ірі мөлшерде есірткі затын өсіруі мүмкін деген хабарлама түседі.
"Ақпарат алысымен Бәйдібек АПБ қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған жұмыстар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның үйінің ауласынан заңсыз, өсіруге тыйым салынған 300 түп жасыл түсті өсімдікті тапты. Одан бөлек 180 түп көкнәр өсімдігіне ұқсас зат табылды. Оларға сараптама тағайындалды", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Қорытындыға сәйкес, алынған түптердің бірі 340 келі сора, ал екінші анықталған зат бір келіге жуық көкнәр болып шықты.
"Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.