Ол 2 жыл бас бостандығынан айырылды
«Bitcoin» цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен заңсыз саудалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тыйым салынған кәсіпкерлікпен айналысқан ол 358 млн теңге көлемінде табыс тапқан. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпарынша, күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысында айласын асырған. Оның заңсыз әрекетін сот әшкереледі. Кінәлі деп танылған азаматқа 2 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты.
– Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және 2 жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек халықаралық жобаға қатысты дауға пікірін білдірді