Ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады
Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басына оқ атқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады. Оқиға 16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның мұндай әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Травматикалық қарудан жарақат алған әскери қызметкер қазір аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып үлгерді. Еске салайық, Жезқазғанда да осындай факті тіркеліп, әскери бөлім офицері өзіне оқ атқан.
– Жарақат алған әскери қызметші аудандық ауруханаға дер кезінде жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, – деді Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Исламбек Қалдыбеков.
Оқи отырыңыз: Коменданттың бөлмесіне кіріп, шықпады: жұмбақ жағдайда көз жұмған қыздың туыстары әділдік сұрайды