Мемлекетке 8 млрд теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды

11.06.2021 23:03

Айыпталушылар 3 жылдан 6 жарым жылға дейін шартты түрде сотталды

astrakhanfm.ru

Алматыда мемлекет бюджетіне 8 миллиард теңгеден аса шығын келтірген қылмыстық топ сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды шығарумен айналысқан 7 адам, 20-ға жуық компанияның есепшотын пайдаланып, коммерциялық ұйымдарға 8 млрд теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен. 

Айыпталушылар 3 жылдан 6 жарым жылға дейін шартты түрде сотталды. Сонымен қатар олардың  200 миллион теңгеден аса сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленген.