Алматы мешіттерінен телефон ұрлап жүрген күдікті ұсталды

15.05.2024 23:05

Күдіктінің жеті қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды

polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны үш көлікті айдап кеткен және төрт рет тонау қылмысын жасаған. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде алып жүрсе, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаған. 

– Қаскөй Алматы маңындағы компьютерлік клубтардың бірінде ұсталды. Ол ұрлаған көліктер табылды және иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеудің осы сатысында күдіктінің жеті қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. 

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез-келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: «Құқықтық тәртіп»: Алматыда іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды