Қылмыс әлемінің серкесі биыл 7 қаңтарда ұсталған еді
«Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының ақпары бойынша, Арман Жұмагелдиев 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін қамауда болады.
Еске сала кетсек, қылмыс әлемінің серкесі биыл 7 қаңтарда ұсталған еді. Оған заңсыз атыс қаруын сақтады және жыл басындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айып тағылған болатын.
«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Аталмыш азаматқа 12 айға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.