|
31.10.2023 | 18:14
467

Шетел азаматтары ұйымдастырған жасырын есірткі өндірісі әшкере болды

Биыл Ішкі істер органдары 40 есірткі зертханасын жойды

Шетел азаматтары ұйымдастырған жасырын есірткі өндірісі әшкере болды Almaty.tv

Шетел азаматтары ұйымдастырған жасырын есірткі өндірісі әшкере болды. Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Астана және Ақмола облысындағы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз зертхананың көзін жойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілер Елордаға қылмыстық бизнесті жүзеге асыруға арнайы келіпті. Олар ғаламтордағы маманданған сайттарда құрал-жабдық пен прекусорларға тапсырыс беріп, оны контрабандалық жолмен алып отырған. Сондай-ақ күдіктілер қауіпсіздік шараcын ұстануға тырысқан. Жасырын зертхананың маңына үш камера орнатып, күдік туғанда өндірісті жасыруды жоспарлаған. Алайда айласы іске аспаған.

– Қылмыскерлер есірткі синтезінің соңғы циклінде ұсталды, бұл олардың қылмыстық әрекеттерінің қажетті дәлелді базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қала көшелеріне 12 келіден астам мефедрон жіберілмеді. Бұл қауіпті препараттың шамамен 60 мың дозасын құрайды, – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Айта кетейік, биыл Ішкі істер органдары 40 есірткі зертханасын жойды. Оның үшеуінде шетел азаматтары жұмыс істеген. Нәтижесінде, заңсыз айналымнан 195 келіге жуық психоактивті заттар мен 79 тонна прекурсор тәркіленді.  

Оқи отырыңыз: Елордада есірткі сатқан күдікті ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир