Әйелді өлтіріп, басын базардағы дүңгіршекке тастап кеткен күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
12 cәуірде қараусыз қалған ғимарат жанынан марқұмның денесі табылғанын еске салайық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әйел адамды өлтіріп, басын базардағы дүңгіршектердің біріне тастап кеткен күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрықталған азаматтың 62 жаста екені және марқұммен бірнеше күн ғана таныс болғаны анықталып отыр. Құзырлы орган әлі де тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. Өзге ақпарат жария етілмеді. Еске сала кетсек, 12 сәуірде бейтаныс адам Шолохов көшесіндегі базарға пакетке салынған 47 жастағы әйелдің басын тастап кеткен еді. Сол күні таңғы сағат 9:00-де қараусыз қалған ғимарат жанынан марқұмның денесі табылды.

«Соттың санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасымен ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров