Дене жарақатын мектептегі медицина қызметкері байқаған
Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жастағы қызды соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.
2-сынып оқушысының дене жарақатын мектептегі медицина қызметкері байқап, полицияға хабарлапты. Олар бала тіл алмағандықтан осындай амалға барғанын айтып, кінәcін мойындады.
– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Оқи отырыңыз: Денесінің сау жері қалмаған: жақындарынан таяқ жеген 7 жастағы қыз ауруханаға түсті