Тыржалаңаш шешініп тастаған: әнші Фариза Ескерместі таксист жүргізушісі зорламақ болған

18.05.2021 23:19

Бұл туралы әнші алғаш рет «Алматы» телеарнасының «Папарацци» бағдарламасында айтты

Стоп-кадр

«Джейран» тобының экс-мүшесі, әнші Фариза Ескермес 10 жыл бұрын басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы  әнші алғаш рет «Алматы» телеарнасының «Папарацци» бағдарламасында айтты.

Әншінің сөзінше,  18 жасында  такси жүргізуші зорламақ болған. Алайда қаскөй сол күйі жауапқа тартылмаған көрінеді. Әнші бұл жағдайды айтуға ұялған.

«18 жасымда Алматыда келеңсіз жайтқа тап болдым. Қазақ жігітінің түрі әлі есімде. Такси жүргізушісі еді. Мен таксиге отырдым. Үйге бара жатқанмын. Ол мені қараңғы бұрышқа әкетіп бара жатты. Көліктің есігі ашылмайды. Ол терезесін бұрап ашатын ескі көлік еді. Митсубиси. Ер адам киімін шешіп тастапты. Ешқашан ер адамды тыржалаңаш көрген жоқпын, шошып кеттім қатты. Мені зорламақ ниетте екен. Мені белбеумен байлап тастаған. Сол кезде көліктің терезесін ашып, көмек сұрап үлгердім. Мені естіп, көмекке жүгіргендер болды. Таксист бірден мені сыртқа теуіп жіберді де, қаша жөнелді. Көліктің нөмірін ешкім қарап үлгермеді. Ол жас жігіт еді. Өзі қазақтың жігіті. Түрі әлі есімде», – деді актриса.

Айтуынша, актриса осы оқиғадан соң қатты шошынып, күйзеліскен түскен. Алайда полицияға арызданбаған. Ешқандай айғақ болмағандықтан, жауапқа тартуға жүгінбеген екен. Әншінің осы оқиғаны не себепті 10 жылдан кейін айтуға бел буғанын «Папарацци» бағдарламасынан  біле аласыздар.  

Теги: зорлау