Өскемен тұрғыны немересін өлтірді деген күдікке ілінді

12.04.2024 23:21

Құзырлы органның мәлімдеуінше, 22 наурызда ер адам немересіне бірнеше рет пышақ салған

Сгенерировано ИИ

Өскеменде 7 жастағы немересін өлтірді деген күдікпен туған атасы қамауға алынды. Бұл туралы ШҚО-ның Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, 22 наурызда ер адам немересіне бірнеше рет пышақ салған. Бала ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. Жантүршігерлік жағдайға қатысты тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Кәмелетке толмағанды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлелдеме алынып, қажетті сараптама тағайындалды, – деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Карпова.

Оқи отырыңыз: Екі баланың өліміне себепкер болған кәсіпкерге айыппұл салынды