Екі баланың өліміне себепкер болған кәсіпкерге айыппұл салынды

elements.envato.com
elements.envato.com
Павлодар облысынада екі бала шұңқырға түсіп, көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мал суаратын орынға балалардың батып кетуіне себепкер болған кәсіпорын иесіне жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеріс нәтижесінде «шұңқыр қоршалмағандықтан қайғылы оқиғаға себеп болды» деп танылды. Әрі аталған маңда арнайы ескерту белгілері де болмаған.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Павлодар облысына қарасты Успен ауданындағы шұңқырға 7 және 8 жастағы ағалы-інілі бала түсіп кетіп, көз жұмған. Ал олардың із-түзсіз кеткенін оқушылардың анасы кешке байқаған. Учаскелік полицейлермен бірге тұтас ауыл азаматтары іздеуге жұмылдырылып, екі баланы ауылдан 500 метр жердегі шалшықтан тапқан. Ал сотқа дейінгі тергеуде меншік иесінің заң талабын өрескел бұзғаны анықталды.

– Талқылау барысында жер заңнамасын бұзғаны үшін оның орналасқаны жері тексеріп, тапсырылды. Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізді. Содан кейін ЖШС мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Успен ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Қуан Назымов.

Оқи отырыңыз: Мектеп жоқ: қала іргесіндегі елдімекен өркениеттен неге жұрдай

Новости партнеров