Түркістан облысында шенеунік журналисті өлтіруге тапсырыс берген

21.01.2022 23:22

Қазіргі уақыта қылмысқа қатысы бар бес күдікті уақытша қамауға алынды

nk-tv.com

5 миллион теңге ұсынған. Түркістан облысында шенеуніктің журналисті өлтіруге тапсырыс бергені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сарыағаш ауданындағы танымал ақпарат қызметкерінің үйіне шабуыл жасалып, оның ұлы жараланғаны айтылған болатын. Артынша полиция қызметкерлері «Адам өлтіруге оқталу» бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Шымкент қаласының 2  тұрғынын ұстаған.

Қазіргі уақытта журналистің өмірін 5 миллион теңгеге бағалаған шенеуніктің тапсырыс бергені анықталып, қылмысқа қатысы бар 5 күдікті уақытша қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

«Айғақ зат ретінде бүгінгі таңда 2 жеңіл ВАЗ автокөлігі алынды. Оны қылмыстық жолмен тапқан ақшаға сатып алғаны делелденді. Сонымен қатар 16-калибрлі патрондар алынды», – деді Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.