|
25.09.2020 | 18:26
2748

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ер адам оқиға орнында көз жұмған

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды polisia.kz

Алматы облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қыркүйек сағат 23:00 шамасында Іле ауданында «Нұр-Сұлтан-Алматы» автожолының 59-шақырымында оңтүстік бағытта келе жатқан белгісіз көлік Ақши ауылының 46 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Оқиғаның мәнжайын мұқият талдаған іздестіру тобы жедел-іздестіру іс-шараларының жоспарын жасап, күдіктінің ізіне түсті. Тәртіп сақшылары көрші Қарасай ауданындағы жеке үйдің ауласында ЖКО іздері бар тығылған «Тойота Авалон» автокөлігін анықтап  тапты. Зақымданған орын ұқыпты түрде матамен жасырылған. Исаево ауылының 60 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші ұсталды. Ол өзінің адамды қағып кеткенін мойындап, оқиға орнынан қорқаннан қашып кеткенін жеткізді.

«Жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты қылмыстардың санатын, жүргізушілер ЖКО орнынан қашып кеткен жағдайда ашу қиын. Алайда жеке уақытпен санаспай, жоспарлы және мұқият жұмыс істелсе, маңызды дәлелдерді тауып, күдіктіні әшкерелеуге әрқашан да мүмкіндік бар. Біздің ісімізде ұсақ-түйек болмайды, кейде ең кішкентай бөлшекте қашып кеткен жүргізушіні ұстауға көмектеседі», – дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ іздестіру тобының инспекторы Алдияр Тайбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир