Ұрылар жалпы сомасы 2 млн 340 мың теңгенің алтын бұйымдарын жымқырып кеткен
Қарағанды облысында кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер қолдарындағы қарумен аспанға 2 рет оқ атып, бағалы заттарды беруін талап кеткен. Алайда азамат күдіктілерге қарсылық көрсетемін деп пышақ жарақатын алыпты. Ұрылар сол мезетте оқиға орнынан жалпы сомасы 2 миллион 340 мың теңге болатын алтын бұйымдарды жымқырып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары кезінде 3 күдікті ұсталды. Олардың біреуінің жеке кәсіпкердің мекемесінде жұмыс істейтіні белгілі болды.
«Күдіктілердің тұрғын үйіне жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері айғақ зат ретінде тапанша және алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.