Ол ай сайын қарамағындағы қызметкерлерден заңсыз ақша жинағаны мәлім болды
Маңғыстауда ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірдегі №3 арнайы мектепке тексеріс жүргізу нәтижесінде мекеме директорының ай сайын қарамағындағы қызметкерлерден заңсыз ақша жинағаны мәлім болды. Ол сондай-ақ формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйақы есептеу негізінде пайда тауып келген.
– Мектеп директоры қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген. Аталған арнайы мектепте лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісіне қатысты ҚР ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді Мұнайлы ауданы прокуратурасының прокуроры Мөлдір Құдабаева.
Оқи отырыңыз: Жалған түбіртек: «Қазпошта» бөлімшесіндегі кассирдің айласы әшкере болды