Алматы облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіріп келгендер ұсталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Анықталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында құны 1 млрд теңге болатын пайдалы қазбаны заңсыз өндіріп келгендер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Табиғатты қорғау прокуратурасы мен полиция қызметкерлері тергеу нәтижесінде облыстағы үш заңсыз карьердің жұмысын тоқтатты. Күдіктілер тапқан құм мен қиыршықтасты нарыққа сатуды мақсат тұтқан. Анықталған деректер  бойынша қылмыстық іс қозғалды.



«Қылмыстық Кодекстің 334-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктілердің кінәсі анықталған жағдайда үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан шектеледі. Сондай-ақ, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», – деді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Тимур Қасымов.


Новости партнеров