Жақында ғана 8 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы мен жұбайы жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Ұлттық музейдің бұрынғы директорының адвокаты пара беруге итермелеу күдігіне ілініп, қамауға алынса, әйелі пара беруде күдікті ретінде танылып отыр. Тергеу амалдары кезінде 255 мың доллар көлемінде қаражат анықталып, тәркіленген.
– Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталу бойынша күдікті болып танылды. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.