Алматы облысында вахтадан оралған күйеуі әйелін ұрып өлтірді

11.03.2022 в 23:39

Ер адамның айтуынша, жұбайы оның көзіне шөп салған

Алматы облысында күйеуі 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді. Ер адамның айтуынша, жұбайы оның көзіне шөп салған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

                                      

Ол вахтада жұмыс істейді екен, үйінде айлап болмайтын көрінеді. Кезекті іссапардан үйіне оралғанда әйелінің мас екенін, ал балаларының аш жатқанын байқайды. Содан ашуға булығып, жанжал шығарып, жұбайын соққыға жыққан. Әйелі ауруханаға жеткізіліп, ес жимастан қайтыс болған. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Күдікті өзінің кінәсін толық мойындап отыр.

«Қазіргі таңда А. есімді азамат қамауға алынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды», - деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.