Жамбыл облысында екі күнде мас күйде көлік басқарған 20 адам ұсталды

11.03.2022 в 23:56

Сондай-ақ 2400-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Жамбыл облысында екі күнде мас күйде көлік басқарып, адам өміріне қауіп төндірген 20 адам ұсталды. Одан бөлек, 2400-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркеліпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұсталған жүргізушілердің алтауында көлік басқару құқығы жоқ, ал 3-еуі ішімдікке салынған күйі саспастан темір тұлпар тізгіндеген.  Жергілікті тәртіп сақшылары барлық істі жекелей тексеріп, тиісті шаралар қабылдады.   

«Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді», - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Бегман Құтмырзаев.