Көліктерді Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

06.06.2020 23:43

Жүргізуші екі көлікті жүктің арасына жасырған

5 маусымда шекарашылар кезекті рет жүкке жасырылған автокөлік құралдарын Қырғызстанға заңсыз шығару фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Айша бибі» өткізу пунктінде ағаш материалдары бар жүк автомашинасы тексерілді, онда жүктің арасында ілеспе құжаттары жоқ екі «Дэу» және «Хюндай» маркалы жеңіл автомашина жасырылған», - делінген ақпаратта.

Ұсталған автомобильдер Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Бұл осы өткізу пунктінде жүкпен жасырылған жеңіл көлік құралын анықтаудың осы айдағы екінші жағдайы екенін атап өту керек.