Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Атырау облысы Құлсары қаласындағы жаппай төбелесте жарақат алған жасөспірім көз жұмды. Ақпаратты полиция департаментіндегілер растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құқықбұзушылыққа қатысы бар күдіктілердің бәрі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Төбелес салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Оның бірі — 2006 жылғы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмған. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
– 2006 жылы туылған жасөсіпрім жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды, – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: СҚО-да 2 адам көз жұмды