|
20.09.2021 | 18:56
6633

Сот қаулысын орындау кезінде 5 адам, оның ішінде екі полицей қаза тапты

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Бүгін, яғни 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында жантүршігерлік оқиға болды. Сот қаулысын орындау кезінде 5 адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде үй тұрғыны – 1967 жылғы Д. Есімді азамат озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

«Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып журген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир