Оқушы өлімі: мектеп басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы орта мектеп оқушысы көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында оқушы өлімін жасырды деген айыппен мектеп басшылығы, оның орынбасары мен ұстазына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, 30 сәуірде Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы орта мектепте 9-сынып оқушылары 8 оқитын ұлдарды даладағы дәретханаға кіргізіп ұрған. Салдарынан оқиға орнында бір жеткіншек жан тапсырған. Ағарту ошағының қызметкерлері алғашқыда «оқушының жағдайы дене шынықтыру сабағынан соң нашарлап жүрегі тоқтады» деп мәлімдеген. Бірақ сот-медициналық сараптамасынан соң, кәмелетке толмаған баланың кеуде тұсына тиген соққыдан қаза болғаны анықталды. Қазір полиция тарапынан қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Ал әлімжеттік жасаған 15 жастағы күдікті қамауға алынған.

– Негізі факт тергеу амалдары бойынша анықталады. Кім кінәлі? Директор, орынбасары, әлде мүғалім бе? Кінәлілер 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Шовкат Таштамиров.

Оқи отырыңыз: Әлімжеттілік: оқушы өліміне қатысты бар 2 күдікті қамауға алынды

Новости партнеров