Маңғыстау атом электр станциясында заң бұзылған

17.05.2024 00:01

Энергокомбинат басшысының орынбасары жұмыстан босатылды

Маңғыстау атом электр стансасында 1,4 млрд теңгенің заңбұзушылық дерегі анықталды. Облыстық прокуратура талдау барысында заңға қайшы толтырылған техникалық акт пен келісімшарттарды байқаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу туралы шартты негізсіз жасапты. Мекеме қосымша құрал-жабдық алмақ болған. Мәселенің мән-жайы белгілі болған соң заңсыз әрекеттердің жолы кесіліп, энергокомбинат басшысының орынбасары жұмыстан босатылды. Тағы екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.  

– Бұл технологиялық бұзушылықтар туралы техникалық акт және келісімшарттар 1,4 млрд теңгеге сот шешімімен жарамсыз деп танылды. Нақты айтқанда, мемлекеттік бюджеттің тиімсіз жұмсалуының алдын алдық, – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Мерген Меңдіғалиев.

Оқи отырыңыз: Міндетіне салғырт қараған мердігерлермен жұмыс істемейміз – Ерболат Досаев